Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

ҚазҰУ – білімді ұрпақ кепілі!

«Халықты халықпен,

адамды адаммен

теңестіретін нәрсе – білім»

М. Әуезов

 Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орны болып табылады. 80 жылдан астам бай тарихы бар Қазақстанның ең беделді оқу орындарының бірегейі  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. ҚазҰУ — ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының шығармашылық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 14 факультет жұмыс атқарады. Олар: механика-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол бар мүмкіншілікті пйдалана білу, әр студенттің өз қолында. Ең бай кітапхана — Әл- Фараби атындағы кітапхана орналасқан. Қойнауы кітапқа бай, зәулім сарайлы кітапханамызда әр студент өзінің керегіне еш қиындық қол жеткізе алады .

Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші, әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 275-ші орынды иемдене білген, Қазақстандағы нөмірі бірінші университет сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы.

Мен осы униферситеттің 70 жылғы жуық тарихы бар факультеттерінің бірі – Философия және саясаттану факультетінің, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша магистратураға оқуға түстім. Бұл факультеттің тарихи қойнауы өте бай. Себебі, осы қара шаңырақта көптеген профессорлар мен ғұлама ғалымдар қызмет атқарған және одан әрі қызмет атқара бере деген ойдамын.

Мамандығымның кәсіби қызмет саласы жалпы білім беретін ұйымдарды қамтиды. Оларды атап өтетін болсақ, арнайы (түзетуші) білім ұйымдарында, пеницитарлык типтегі мекемелер, сауықтыру орталықтары мен білім беру мекемелері яғни мектеп мен білім беру ошақтарында  балалар мен оқушы жастарды әлеуметтендіру және тұлғалық дамыту процесі болып табылады.

Қорытынды сөзімді, қазақ халқының жарқын жұлдыз өкілі Мағжан Жұмабаевтың мынадай өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!- деп басталатын өлеңінде, өзінің ертеңінен үміт үзбейтіндігін, келер ұрпақтың «көздерінде от ойнаған, ар-намысты жандарынан да қымбат көретін» нағыз жастар болып өсуіне кәміл сенеді. Сенімді ақтап жатырмыз деген ойдамын. Елдің болашағы саналы , білімді ұрпақ екені хақ.

 

 

ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультетінің

Педагогика және білім беру менеджменті

кафедрасының доценті Әрінова Б.А.

ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультетінің

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының

1 курс магистранты Сейіткерім Бибігүл Ерланқызы.

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер