Жаңа жарияланған жұмыстар

_DSC0297

СЕМИНАР 26.02.2016 ЖЫЛ «Сын тұрғысынан ойлау- оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін дамыту»

Қызылода облысы Шиелі ауданы  «№243 негізгі орталау мектебі» КММ                  «Сын тұрғысынан ойлау- оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін дамыту» атты аймақтық семинар бағдарламасы                        Толығырақ »

pic (2)

Жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын жетілдірудегі диалогтік оқытудың мүмкіндіктері

     Жамбыл  облысы   Тұрар  Рысқұлов  ауданы   Алғабас  шағын  орталықты  орта  мектебінің  қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі  Байділдаева  Фарида  Сағымбекқызы    Жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын жетілдірудегі                           диалогтік оқытудың мүмкіндіктері     Елбасы Толығырақ »

Защищено: Garda Decor (12.5х13см) Читать IK41092 — выгодно

Это содержимое защищено паролем. Для его просмотра введите, пожалуйста, пароль:

Защищено: ТОП-100 самых дешевых авиабилетов для Новый год!

Это содержимое защищено паролем. Для его просмотра введите, пожалуйста, пароль:

Защищено: Привет всем

Это содержимое защищено паролем. Для его просмотра введите, пожалуйста, пароль:

Тілдер күніне арналған мерекелік фестивальдің сценариі

Тілдер күніне арналған мерекелік фестивальдің сценариі

Звучит музыка, домбра.
Ведущий:
Армысыздар, кұрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер.
Ведущий:
Здравствуйте, уважаемые гости. Здравствуйте, вес, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале.
Праздник, посвященный Дню языков народов Казахстана разрешите считать открытым.
Ведущий:
Good afternoon dear guests. Good afternoon everybody who has come to our party. We are very glad to see you here. Today is the day of languages. Lets start.
Исполнение гимна РК.
Ведущий:
22 қырқүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы —Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.
Ведущий:
Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как день языков народов Казахстана. Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков — это наше богатство! Слайд Назарбаева
Ведущий:
Every day, on the twenty first of September our country celebrates the day of languages! All of us must speak 3 languages: Kazakh, Russian and English, because the knowing of languages is our treasure!
Стихотворения на казахском языке для второго потока
Ведущий:
Ана тілінің тағдыры туралы жырлап өткен ақындар аз емес. Солардың ішінде ақиық ақын Т. Молдағалиев былай деген Туған тілім—тірлігімнің айғағы, Тілім барда ашылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін. Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. слайд
Песня «ана тілі»
(1 поток Песню исполняет ср.гр. Айголек подгруппа)
2 поток все поют
Ведущий:
Казахстан — многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы. (слайд народности)
И сегодня у насв гостях представители разных народов. Это
украинцы (музыка)
Русские (музыка)
Узбеки (музыка)
Татары (музыка)
И коренное население нашей страны Казахи (музыка)
Ведущий:
А сейчас предоставляем слово представителям русской национальности. (1 поток. Слайд.) Встречайте!
Звучит музыка
В зал входит Алдар Косе
Ведущий:
Слышите, на наш праздник спешат гости, кто же к нам пришел? Так это же знаменитый на всю степь герой казахских сказок Алдар Косе. Сәлеметсиз бе, Алдар Косе.
Алдар Косе:Сәлеметсиздер ме, балалар, қонақтар. Да, правильно, меня зовут Алдар Косе. Хожу я по всему Казахстану сказки рассказываю, наказываю злых и жадных людей и помогаю добрым, хорошим людям, а еще я очень люблю веселиться петь, танцевать и играть в разные игры.
А я для вас приготовил 5 волшебных тюбетеек. Эти тюбетейки необычные. Под каждой тюбетейкой сюрприз! Хотите посмотреть что лежит под первой тюбетейкой?
Ведущий: Конечно хотим, открывай!
Алдар Косе открывает и достает платочки –
Алдар Косе играет в игру с детьми.
1 поток 2 мл.гр Балдырган — русская игра Прятки
2 поток ст.гр. Кулыншак Русские – игра Ловушка, танец с листьми
Ведущий:
Алдар Косе, проходите пожалуйста за наш дастархан! А мы переходим к презентации следующей нашей национальности- татары (англичане 2 поток). Слайд Даем вам слово.
1 поток ср.гр.Непоседы — татары
Алдар Косе играет с детьми

2 поток подг.гр. Родничок – англичане
подг.гр. Родничок — танец Ковбоев (в презентации)
Алдар Косе играет английскую игру Ducklings

Ведущий: А сейчас встречаем украинцев (слайд — украинцы)
1 поток (ср.гр. Айголек) –
Ребята к нам из китая приехали гости. Сейчас они выйдут и покажут нам свой танец.
Алдар Косе играет украинскую игру с лентами

Ведущий: А сейчас встречаем узбеков (слайд)
1поток (гр№2мл. капельки) Узбекская песня Зайчик
Алдар Косе играет узбекская игру Собери монеты

А теперь встречаем хозяев шанырака – Казахов!
1 поток- 2 мл.гр. Почемучки – казахи (песня На желтеньких листочках)
Алдар Косе играет игру с асыками

2 поток Ст.гр. Кораблик — (Песня Алтын Астык)
Алдар Косе танцует с детьми танец кара жорга.

Ведущий:
Ребята, посмотрите какой красивый и богатый дастархан у нас получился. Сколько вкусных блюд разных народностей! Все эти блюда вы попробуете у себя в группе.
Ведущий:
Шанырак – это верхняя часть юрты, от которой в виде солнечных лучей расходятся уыки (опоры). Шанырак символизирует отчий дом, а в более широком смысле, всю вселенную. Образ шанырака – это образ общего дома, всех людей, проживающих в Казахстане. Если Шанырак – это дом, а уыки – это народы, то благополучие в нем зависит от каждого из нас, потому что мы все – народ Казахстана.
А давайте мы все вместе сейчас образуем свой Шанырак. Я попрошу представителей всех народностей в костюмах подойти и взять каждый по ленточке.
Дети в костюмах берутся за ленты и кружатся по кругу. Остальные дети встают в хоровод вокруг шанырака.
Ведущий:
Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери — Земли.
Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы-да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.

«Өзін-өзі тану»сабағының жоспары

«Өзін-өзі тану»сабағының жоспары
Мектеп № 80 мектеп-гимназия Мерзім 24.11.2015 ж Мұғалім Тнымова Гүльназ Казахбаевна
Сынып 3«Ә» Оқушы саны 20 Тақырып Шаңырақ жарастығы
Құндылық ішкі тыныштық Қасиеттер бауырмалдылық,кешірімшілдік, татулық, сыйластық.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шаңырақ жарастығы туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
-Оқушылардың отбасы жарастығы, татулығы, туралы түсініктерін кеңейту;
-Отбасында жағымды қарым-қатынас жасай отырып, бауырмалдылық қасиеттерін дамыту;
-Оқушыларды татулыққа , сыйластыққа, кешірімшілдікке тәрбиелеу. Ресурстар (материалдар, дереккөздер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.
ә) 5 «Т» еске түсіру.
Татулық
Тыныштық
Тәртіп
Тазалық
Талап
Тыныштық сәті. (Жағымды күйге ену)
Нұрға бөлену
Балалар қандай әсерде болдыңдар?
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтың 48 бетіндегі «Сүйішпеншілік» әңгімені оқу
Сұрақтары:
1.Сүйіспеншілік, сәттілік, байлық деген не?
2.Сендер болсаңдар қайсысын шақырған болар едіңдер?
3.Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен cәттілік бар дегенді қалай түсінесіңдер? Ескертулер

Дәйексөз.
«Шаңырақ сәні – сыйластық»
Халық даналығы
Балалар дәйексөзді ұлдар боп, қыздар боп хормен айтайық.
Балалар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Осы дәйексөзді дәптерге жазып алыңдар
Мұғалім балалардың жауаптарын қорытындылайды.

Әңгімелеу
Отбасы татулығы .(Аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Олардың отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таңды қалдырады. Оларды ұрыс-керіс дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң қалады.
Осы-ақ па?
-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Сұрақтар.
1 .Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырды?
2.Ауыл ақсақалы патшаның сұрағына қалай жауап берді?
3.Ауыл ақсақалы не себепті қасиеттерді жүз рет жазды?
4.Өз отбасыларыңның тыныштығын орнату үшін отбасы мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
5.Сен өзің отбасында қандай жауапкершілікті алып жүрсің?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Менің отбасым» тақырыбында шағын әңгіме жазу
( Отбасымнан мен қандай қасиеттерді дамытып жатырмын)
Топпен ән айту.
«Балдәурен »
Балдәурен көктем, асығып жеткен,
Шағала күндер.
Базарлы маусым, шырқалған даусым,
Тамсанып әсем.
Балауса балғын, көк майса шалғын,
Барады күндер.
Тербеліп билеп, жайқалып билеп,
Ән салып әсем.

Қайырмасы:
Балдәурен, бақытты ән дәурен,
Келеді қанатын самғаумен.
Көңілдің ұшырып, аққуын,
Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.

Жаныма жылы, жүрекке ыстық,
Көңілге сұлу.
Тоя ма көзің, балдәурен кезің,
Бақыт-ау, бақыт?
Даламдай дархан, тауымдай биік,
Өмірге сұлу.
Қайырмасы
Үй тапсырмасы.
Оқулықтан51,52 беттердегі Е.Өтетілеуовтің «Бірлік»мәтінін оқу
Оқушы дәптердегі «Мерекелік кесте»толтыру
Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қосылады.
Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

«Өзін-өзі тану»сабағының жоспары

» «Өзін-өзі тану»сабағының жоспары
Мектеп № 80 мектеп-гимназия Мерзім 24.11.2015 ж Мұғалім Тнымова Гүльназ Казахбаевна
Сынып 3«Ә» Оқушы саны 20 Тақырып Шаңырақ жарастығы
Құндылық ішкі тыныштық Қасиеттер бауырмалдылық,кешірімшілдік, татулық, сыйластық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шаңырақ жарастығы туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
-Оқушылардың отбасы жарастығы, татулығы, туралы түсініктерін кеңейту;
-Отбасында жағымды қарым-қатынас жасай отырып, бауырмалдылық қасиеттерін дамыту;
-Оқушыларды татулыққа , сыйластыққа, кешірімшілдікке тәрбиелеу. Ресурстар (материалдар, дереккөздер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.
ә) 5 «Т» еске түсіру.
Татулық
Тыныштық
Тәртіп
Тазалық
Талап
Тыныштық сәті. (Жағымды күйге ену)
Нұрға бөлену
Балалар қандай әсерде болдыңдар?
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтың 48 бетіндегі «Сүйішпеншілік» әңгімені оқу
Сұрақтары:
1.Сүйіспеншілік, сәттілік, байлық деген не?
2.Сендер болсаңдар қайсысын шақырған болар едіңдер?
3.Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен cәттілік бар дегенді қалай түсінесіңдер? Ескертулер

Дәйексөз.
«Шаңырақ сәні – сыйластық»
Халық даналығы
Балалар дәйексөзді ұлдар боп, қыздар боп хормен айтайық.
Балалар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Осы дәйексөзді дәптерге жазып алыңдар
Мұғалім балалардың жауаптарын қорытындылайды.

Әңгімелеу
Отбасы татулығы .(Аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Олардың отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таңды қалдырады. Оларды ұрыс-керіс дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң қалады.
Осы-ақ па?
-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Сұрақтар.
1 .Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырды?
2.Ауыл ақсақалы патшаның сұрағына қалай жауап берді?
3.Ауыл ақсақалы не себепті қасиеттерді жүз рет жазды?
4.Өз отбасыларыңның тыныштығын орнату үшін отбасы мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
5.Сен өзің отбасында қандай жауапкершілікті алып жүрсің?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Менің отбасым» тақырыбында шағын әңгіме жазу
( Отбасымнан мен қандай қасиеттерді дамытып жатырмын)
Топпен ән айту.
«Балдәурен »
Балдәурен көктем, асығып жеткен,
Шағала күндер.
Базарлы маусым, шырқалған даусым,
Тамсанып әсем.
Балауса балғын, көк майса шалғын,
Барады күндер.
Тербеліп билеп, жайқалып билеп,
Ән салып әсем.

Қайырмасы:
Балдәурен, бақытты ән дәурен,
Келеді қанатын самғаумен.
Көңілдің ұшырып, аққуын,
Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.

Жаныма жылы, жүрекке ыстық,
Көңілге сұлу.
Тоя ма көзің, балдәурен кезің,
Бақыт-ау, бақыт?
Даламдай дархан, тауымдай биік,
Өмірге сұлу.
Қайырмасы
Үй тапсырмасы.
Оқулықтан51,52 беттердегі Е.Өтетілеуовтің «Бірлік»мәтінін оқу
Оқушы дәптердегі «Мерекелік кесте»толтыру
Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қосылады.
Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Защищено: bubbu

Это содержимое защищено паролем. Для его просмотра введите, пожалуйста, пароль:

Защищено: Actual method for SMM — 2016

Это содержимое защищено паролем. Для его просмотра введите, пожалуйста, пароль:

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі

Қызылорда облысы

Байқоңыр қаласы

№274 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Әбілда Рыскүл Ізтұрғанқызы

Сабақтың тақырыбы:  Дұрыс тамақтану – денсаулық  негізі
Сабақтың мақсаты: Дені сау болып өсуі үшін дұрыс қоректену керектігін түсіндіру; Адам денсаулығының қымбаттылығын түсіну, дәрумендер туралы білімдерін кеңейту;    Дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Суреттер,   интерактивті тақта
 Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі

1.Әнұран  айтылады.
2.- Балалар, қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату – тәтті жүреміз.
Дос боламыз бәріміз,
Жарасып тұр әніміз,
Татулықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

ІI. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар  бүгінгі тәрбие сағатымыз  ең бір өзекті, көкейде жүрген өмірімізге керекті  маңызды нәрсеге арналып отыр.

-Халқымыз  әрқашанда  денсаулықты  ең бірінші байлыққа санаған.Дені сау, еңбекқор ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білудің маңызы зор. Ол үшін  күнделікті асымыз құнарлы,  пайдалы дәрумендерге  бай болуы қажет. Сонымен қатар тамақтанудың белгілі  ережелерін сақтау керек.

Ағзамызға  керекті тамақ  жануарлардан  алынатын және өсімдіктерден алынатын деп бөлінеді.  Жануарлардан алынатын тағамдар  ет  тағамдары және сүт тағамдары .  Сонымен қатар көкөністер, жеміс – жидектер,  олардың шырындары,   дақылдардан  жасалатын тағамдар –бұлар өсімдіктерден алынады.  Егер осы тағам түрлерін  белгілі уақытпен, тамақтану тәртібін, ережесін  сақтай отырып пайдаланғанда деніміз сау, ақылды,көрікті,сымбатты болып   өсеміз.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда  осы тамақтану ережесі туралы  толығырақ түсінетін боламыз.
-Енді балалар, сендердің  дұрыс тамақтану жөнінде ізденіп, тәрбие сағатын өткізгелі жатқандарыңды естіп Зеңгі баба хат жіберіпті.

(Хатты оқып.жұмбақ шешу).

Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді

Қадірін оның кім білсе

Байлық осы деседі
                    (Денсаулық)

ІІІ  Енді оқушылар  денсаулық туралы  не айтар екен соны тыңдайық
1. Жансая
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Ата – ана ел үмітін ақтайық.
Өмірдегі басты байлық дейтұғын,
Бірінші байлық – денсаулықты сақтайық.
2.Арун

Өзімді өзім жақтаймын

Денсаулықты сақтаймын

Жүректен жылы соншама

Тілейміз саулық баршаға

3.Назира
Денсаулық – ол күлуің,
Болсаң да әлі қаршадай.

Көңіл күйің жадырай
Ойнау үшін шаршамай.
4.Қарақат

Басты байлық денсаулық

Құру үшін сен сауық

Бабам айтқан даналық

Керек жақсы денсаулық

5.Айым

Басты байлық денсаулық

Бабаң айтқан даналық

Сақта жолын сен тауып

Осы шақтан балалық
-Балалар,  денсаулық болу үшін құнарлы, дәрумендерге бай тамақ жеумен бірге  тамақтанудың ережелерін де сақтау керек.

Олар қандай ережелер екенін оқушылар өздері айтсын.

ІV. Тамақтану ережелері туралы

  1. Дильназ А.
    Сен адамдар толық немесе жүдеу, дені сау немесе аурушаң болатынын байқаған боларсың. Оның бәрі тамақтануға байланысты. Дені сау болып өсуі үшін адамға қоректік заттар керек. Олар азық – түліктің әр түрінде болады. Біз жануар тектес азық түліктер — ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сары май жейміз, сүт ішеміз. Сонымен бірге нан, жарма, көкөніс, жеміс, қант, өсімдік майын, саңырауқұлақтарды пайдаланамыз. Бұлар — өсімдік тектес азық — түліктер. Адамға белгілі бір мөлшерде тамақ керек. Күніне 4 — 5 рет уақтылы тамақтану қажет.
  2. Назира

Асқазанды артық тамақпен ауырлатпа.
Тәттіні, тұзды және ащы тамақты көп жеме.
Дастарқан басында жақсы көңіл күймен отыр.
Маңайыңдағыларға астарының дәмді болуына тілек білдіруді ұмытпа. Ас дайындаған адамға алғысыңды білдір.

9  Бекзат Ж.

. Қыдырып келдің бе, Болдың ба сыныпта.
Тамақтану алдында, Қол жууды ұмытпа!
10  Даулетжан
Кештетпей уақыттан, Төрт рет тамақтан.
Жалқаулықты қуатын, Артады қуатың.
Осындай ереже, Түрлентер өмірді.
Тәрбие беріп ол, Көтерер көңілді.
11:  Айым Н.
Сүт пен ірімшік, Қаймақ бар, айран бар.
Бұлармен дос болмай, Аласың қайдан нәр?
Сиырға алғыс айт, Ол саған осындай.
Сан түрлі ас берген, Ең жақын досыңдай!
12 Дильназ К.
Табиғат сыйлаған, Жеміс пен көкөніс.
Бойына жинаған, Дәруін алып өс.
Ақыл мен көркімді, “Толтырды”- дегейсің.
Қарсы алып әр күнді, Сүйсініп жегейсің!
13  Нұржігіт

Ата — Ана, құрметті, Жек көрер кім етті?!
Мен өсіп келемін, Балық пен тауық бер,
Күніне бір мәрте, Бұларды тауып бер!
14 Мархабат

Ботқаны дайындар, Әр түрлі жармадан.
Диқандар дән егіп, Еңбегін арнаған.
Нан – тағам әл берер, Қуаттың қайнары.
Ер жетіп өсуге, Бұл тағам пайдалы!

15  Нұрбол
Көп сусын ішесің, Күн ысып, жаз болса.
Пайдасы жоқ оның, Ішінде газ болса.
Шырын мен таза су, Асыңды қортады.
“Химия” қосылса, Асқазан “қорқады”.
-Өте дұрыс айттыңдар, мен сендердің айтқандарыңды толықтыра түсейін  экранға назар аударыңдар.
V. Мұғалім сөзі слайд арқылы көрсетіледі.

  1. Сергіту сәті Ойын:  «Топқа бөл»

Көзді байлаулы  оқушы  көкөністер мен жемістің біреуін ұстап ажыратып айтады.

VII   Дәрумендер шығады, олар айтыса бастайды

16  Алтын

Дәрумендер тірегің,

А,В,С,Д,Е –деп аласың

Жетіспесе біріоның

Ауырып сен қаласың

17  Жансая

А-қажет көзіңе

В-жүйкені тоғайтар

С-дан микроб безінер

Д-сүйекті нығайтар

18  Акжунис

А дәрумені:  Менің бойымда  сәбіз,қауын,қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа сары май  да болады. Мен көзге пайдалымын. Оқушыларға мен керекпін

19   Рамиль

В дәрумені:  Мен бірнеше топқа бөлінемін В1,В2,В6,В12 Менің құрамымда

бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік,қара нан, ет, балық, көкөністер кездеседі.Мен жүйке жүйесін жақсартамын.

20   Айдын

С дәрумені: Менде қызанақ,  пияз, картоп, капуста, жеміс-жидектер бар. Мені балалар жақсы көреді.

21  Бекзат Н.

Д дәрумені: Мен өте пайдалымын.Менде қаймақ, сары май, сүт, балық майы жұмыртқа, саңырауқұлақ бар.

22  Айым.Н.

Е дәрумені : Мен күнделікті қолданылатын өсімдік майында боламын. Менсіз тамақ іше алмайсыңдар.
Енді дәрумендердің таласына қарап оқушыларда    мынадай сұрақтар туып отыр, сол сұрақтарға жауап алу үшін бүгін мектеп дәрігерін қонаққа шақырғанбыз
Сұрақ:  (Экранға шығару)
1. Қандай дәрумендерді жиі қолданған дұрыс?
2. Қандай тамақ түрлерін жиі қолданған дұрыс?
3. Бой өсу үшін қандай витаминдер көп жеу керекпін?
4. Мен неге көп терлеймін?
5. Тіс ауырмау үшін не істеу керек?
VIII Дәрігер сөзі  :  Дәрумендер сендер босқа таласпаңдар, барлығың да адам денсаулығы үшін маңыздысыңдар. Сендердің біреуің  жоқ болсаңдар адам денсаулығы әлсірей бастайды. Сондықтан біз сендердің барлығыңды да жақсы көреміз. Күнделікті тамақ құрамына енгізіп отыруымыз керек.т.б.

IХ Мұғалімнің  сөзі    :  Тамақтану туралы айта келе    мектеп асханасы туралы айтпай кетуге болмайды.  Оқушылар  сендердің денсаулықтарың туралы Білім министірлігі, одан қалды мектебіміз  ойлағандықтан мектепте күніне бір рет тегін тамақтанасыңдар. Сендерге мектептегі тамақ ұнай ма? Ал сендерге тамақ пісіруші аспаздар  түн қараңғысынан келіп тамақ пісіріп дайындайды. Сендер ол адамдарға алғыс айтып ілтипат көрсетесіңдер ме?  Асханадағы тамақтану мәдениеті қалай  орындалады?

-Оқушылардың өз ойлары ортаға салынады.

-Жақсы, оқушылар өз ойларыңмен бөлістіңдер кемшіліктер енді орын алмайды деп сенеміз.

Х Оқушыларға  үй тапсырмасын берген болатынбыз ,   үйде дәрумендері мол салат түрлерін жасап келуге. Сөзді оқушыларға берейік

Оқушылар өз тағамдарымен  таныстырады.1) Көкөніс салаты  2) Жемістер салаты  3) Бауыр салаты  4)  Сүт көже

-Оқушылар бүгін біз не білдік?  (Оқушылардың жауабы.)

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды

Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз. О.Бодықов

Қызылорда облысы
Байқоңыр қаласы
№274 орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Әбілда Рыскүл Ізтұрғанқызы

Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз. О.Бодықов
Сабақтың мақсаты
Білімділік — оқушыларға вальстің королі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен қысқаша түсінік беру; Сазгерлік өнердің рухани құндылық екенін мәтіннің мазмұны арқылы түсіндіру.
Дамытушылық- мәтінді өз бетімен оқып,мазмұндауға, жоспар құра білуге, ойын жеткізе айтуға. ой қорыта білуге үйрету, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа үйрету.
Тәрбиелік- қарапайымдылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу. Өнерге, өнер адамдарына құрмет сезімдерін ояту, Әнді, өнерді түсінуге, сүюге тәрбиелеу, топта ұжымдасып жұмыс жасауға, өз-өздерін баллдық системамен бағалауға үйрету.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, талдау, жинақтау, топтық жұмыс, инсерт, «галерея» әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Қалдаяқовтың портреті, слайд, өнер адамдарының портреттері, Шәмші әндері, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сабаққа психологиялық дайындық.
Аспан ашып түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы күн, қайырлы!
2) топқа бөліну, топ басшысын тағайындау, бағалау парағын беру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Ә.Қастеев туралы баяндайды.
2) Ә. Қастеевтің шығармалары туралы ізденістерін көрсетеді
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
-Балалар, біз керемет тарауды оқып аяқтап та қалдық, қазақ халқының ұлы тұлғаларымен танысып өмірінен көптеген мағлұматтар алдық. Қайталап еске түсіріп отыру мақсатында «Кімді таңдайсың?» ойынын ойнайық.
Слайдтан: Ә.Қашаубаев, Құрманғазы, Дина, Абай, Шәкәрім,
Ы. Алтынсарин суреттерін шығарып қою. Оқушылар кезекпен таңдап, сұраққа
жауап береді.
Сұрақтары:
Ыбырай Алтынсарин кім? Қандай шығармаларын білесің?
2. Абай Құнанбаевтың бір өлеңін жатқа айт
3. Құрманғазының қандай күйлерін білесің?
4 . Шәкәрім өлеңін жатқа айт.
5. Дина мен Құрманғазының кездесуі қай жылы болды?
6. Әміре Қашаубаев кім? Парижге баруы туралы не білесің ?
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. — Міне, қазақ халқының ұлы тұлғалары туралы көптеген мағлұмат алыпсыңдар. Енді бүгін қазақ вальсінің королі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқов туралы білетін боламыз.
-Ал, өздерің Шәмші аталарың туралы не білесіңдер?
— Дұрыс мен сендерді толықтырып кетейін, Шәмші Қалдаяқов Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында Шәуілдір ауылында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген.Өзінің 62 жас жасаған қысқа ғұмырында қазақ даласын әнімен тербеткен. Табиғат ерекше дарын иесі етіп жаратқан Шәмші атамыз өте қарапайым, мақтануды білмейтін, ізгілігі мол, әңгімешіл адам екен. Оның әндерін еліміз 50 жылдан астам уақыттан бері сүйіп орындап келеді..300-ге жуық ән жазды. Шәмші атаның Әнұранымызға айналған «Менің Қазақстаным» әнін небәрі 26 жасында шығарды. Шәмші атаның әнінсіз ешқандай той өтпейді десек те болады Халықтың жүрегінен терең орын алған сазгер.
2. Бүгінгі Шәмші Қалдаяқов туралы «Аққұс туралы аңыз» деп аталатын естелікті ұсынып отырған — автор О.Бодықов.
-Автор туралы ізденіп келуге тапсырма берген болатынмын, кім айтады?
Слайдтан көрсету
— Оразбек Бодықов жазушы, драматург, аудармашы.
— Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған
-1927жылы туылып, 1997 жылы қайтыс болыпты
-Балалар, О.Бодықов атамыз Шәмші атамыздың сенімді, сырлас досы болған екен.
3. -Қазір осы мәтінді оқып түсіну үшін 3 топқа бөліп беремін.
Мәтінді 3 топқа бөліп беру
4. Сөздік жұмысы
-Балалар мәтінді оқу барысында мынадай түсініксіз сөздер мен кісі есімдері кездеседі. Оқушы оқиды.
Тау мүлгіп-тау ұйқыға кетіп.
Көл тынып –көл тып-тыныш күйге түсіп.
Аспан егіледі –аспан жылағандай болады.
Людвиг ван Бетховен –неміс халқының аса талантты сазгері. Өзінің керемет музыкаларымен дүниежүзін мойындатқан сазгер.
Бақытжан Байқадамов қазақтың сазгері «Айгөлек», «Ауылым» әндерін шығарған. Елімізде хор жанрының негізін салған кісі.
5.Оқушылар іштей оқиды
-Оқып түсінгенімізді топта талқылайық.
6. Топта талдайды, бір-біріне айтады.
— Енді одан әрі ойымызды толықтыру үшін сендерге тапсырма беремін.
7. Сұрақтың жауабын оқулықтан тауып оқисыңдар. Дайын топ қолдарын көтереді.
1 минут уақыт беремін, алдымен сұрақты оқиды, сұраққа жауап береді.
1-топқа
1. Шәмші атаға қандай сұрақ қойылды?
3. Шәмшінің жауабы?
2-топқа
Аққұс ән салғанда табиғат қандай күйге енді?
Аққұстың әнінің адамдарға қандай әсері болды?
Қарақұс- қандай құс, оның әрекеті?
3-топқа
Аққұстың мұңды әні
Аққұс әнінің құдіреті
-Балалар бәріміз мәтінді түсіндік, талдадық, тауып оқыдық енді мазмұндайық
8.Әр топтан бір оқушыдан — 3 оқушы мазмұндайды.
-Балалар, өз бөлімдеріңе ат қойыңдаршы.
9.Тақтаға жоспар жазылады. Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
10. Түйінді ойды табу
— Сонымен, балалар, Қарақұс Аққұсты неге босатып жіберді?
-Ән әсер етті.
-Сонда әннің құдіреті неде?
— Адамдардың қайғысын жеңілдетті. Үміті сөнуге айналған адамдарға үміт берді. Табиғатқа өзгешелік әкелді. Тіпті жүрегі қатыгез, мейірімсіз, ешкімге бас имеген Қарақұстың да жүрегін жібітті. Ән неткен құдіретті еді!
Ендеше біз де Шәмші атаның әнінің құдіретін сезінейікші..
11. Сергіту сәті «Ана туралы жыр» әнінің 1 шумағын тыңдау.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
-Енді топтық тапсырма орындайық
1-топ Аққұсқа мінездеме беріңдер
2-топ Қарақұсқа мінездеме беріңдер
3-топ Аққұс пен Қарақұсты салыстырыңдар. Олардың ортақ қасиеттері бар ма? Айырмашылығы неде?
-Бұл тапсырманы сендерге бекер берген жоқпын. Өмірде осындай мінездер кімге тиесілі? Ендеше Аққұс кім? Қарақұс кім?
-Балалар Шәмші ата өте қарапайым ақ жүректі адам болды.. Мынау Қарақұс сияқты оған да қызғанышпен қараған, әнін іске алғысыз етіп жамандаған адамдар болған. Солай бола тұрса да өзінің сабырлы қалпын сақтап, ешкіммен айқайласпай-ақ әнін шығарып жүре берді. Ел жұртының жанын, сырын ұққысы келді Бүкіл қазақ жерінің суын да, құмын да, елін, қаласын бәрін әнге қосты. Халықтың жүрегінен терең орын алды. Қазақ еліне теңдессіз мұра қалдырды.
Шәмші атаның өмірі туралы 2002 жылы естелік кітап шығарылды, 2013 жылы деректі фильм түсірілді,
Слайдтан бейнесін көрсетіп, тыңдату. (Уақытқа қарай)
VІ. Сабақты қорыту:
-Сонымен автор не үшін осы мәтінді бізге ұсынып отыр?
-Шәмші атамыздың нағыз бейнесін кейінгі ұрпаққа таныту үшін, әннің құдіреттілігін білу үшін.
-Ендеше, бүгін не білдіңдер? Сабақ сендерге ұнады ма? Стикерге жазып жапсыру
ҮІІ .Үйге тапсырма
1. Онда Шәмші атамыздың әндерін жинаңдар , әннің атын жазып келіңдер.
2. Мәтінді мазмұндау
3. Келер сабаққа «Осы бөлім саған не берді?»тақырыбына ойланып келіңдер
ҮІІІ Бағалау
-Балалар енді топ басшыларына бағалау парақтарын берген болатынмын, қорытындысын шығарайық
Сабақ аяқталды, бәріміз орнымыздан тұрайық

Powered by WordPress | Designed by: seo service | Thanks to seo company, web designers and internet marketing company